Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,76 теңгеге төмендеп, 475,79 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 2 тамыздағы ресми бағамы - 479,51 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 475,97 теңге, сату - 480,10 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,63 теңгеден сатып алынып, 480,08 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!