Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Доллар бағамы төмендеді 08 тамыз 2022, 16:13

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,15 теңгеге төмендеп, 476,62 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 6-8 тамыздағы ресми бағамы - 477,98 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 475,96 теңге, сату - 480,09 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,64 теңгеден сатып алынып, 478,79 теңгеден сатылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram