Доллар бағамы төмендеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы төмендеді Фото:depositphotos.com

31 шілдедегі доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 шілдедегі доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 540,78 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 5,42 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банктің 31 шілдеге бекіткен ресми бағамы – 546,36 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 539,77 теңге, сату бағамы – 542,25 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 538,39 теңгеден сатып алып, 545,38 теңгеден сатып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы доллар бағамына қатысты болжамды бөліскен болатын.

"Айталық, мен және әріптестерімнің болжамы бойынша, доллар бағамы кері кетеді. Ол жоғары болмайды. Бұған дейін де мұндай жағдайларды талай рет көрдік, бағам тұрақтанған. Ұлттық банк бұл үшін бар күшін салады деп ойлаймын және нарық та өз ретімен жұмыс істейді", – деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети