Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Доллар қайта қымбаттай бастады

23 Қыркүйек 2015, 11:38
4
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 23 қыркүйегінде KASE таңғы сессиясында доллар 264,12 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін, 22 қыркүйекте кешкі сессияда доллар бағамы 262,65 теңге болған еді. Ал сол күні күндізгі сессияда бағам 261,64 теңге болды.

23 қыркүйекте таңғы сессияда алғашқы келісім 265 теңгемен басталды. Бұл максималды баға болды. Ең төменгі баға - 261 теңге. Сауда көлемі 40,35 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте доллар 8 теңгеге арзандады, яғни таңғы сессияда бағам бағам 269,96 теңгеден 261,64 теңгеге дейін түсті. 21 қыркүйекте Ұлттық банк бағамды қалпында ұстап тұру үшін 213,1 миллион доллар қаражат бөлген еді. Осылайша жалпы бөлінген сома 694,7 миллион доллар болды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай