Доллар күрт қымбаттады

Доллар күрт қымбаттады © Тұрар Қазанғапов

21 қаңтардағы KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 383,23 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасының бағамы 20 қаңтармен салыстырғанда 8 теңгеге өсті. Осылайша тарихи антирекорд тіркелді.

Бүгін таңғы сессиядағы алғашқы келісім 381 теңгемен жасалды. Бұл ең төменгі баға да осы болды, ал жоғарысы 385 теңгеге дейін жетті. Сауда көлемі 57,75 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары долларды 383,5 - 385 теңге аралығында сатып жатыр.

Еске салайық, 20 қаңтарда мұнай бағасы тағы арзандаған болатын. Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың баррель бағасы 2,74 пайызға, яғни 27,68 долларға дейін арзандады. Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 1,67 пайызға құлдырап, баррель құны 28,28 доллар болды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама