Доллар қайта қымбаттап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар қайта қымбаттап жатыр © Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 3 қарашасында KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 282,7 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2015 жылдың 3 қарашасында KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 282,7 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Сауда көлемі 134,5 миллион доллардан асты. Kurs.kz мәліметі бойынша, қазір ақша айырбастау орындарында доллар 281-284 теңге аралығында сатылып жатыр. Айта кетейік, 2 қарашада кешкі сессия кезінде доллар бағамы 281,27 теңгеге көтерілген еді.

Еске сала кетейік, кеше, 2 қарашада ҚР Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қайрат Келімбетов отставкаға кетіп, орнына Данияр Ақышев келді. Сарапшылар Келімбетовтің өзіне жүктелген міндетті толықтай орындап шыққананын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети