Доллар тағы 2 теңгеге арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар тағы 2 теңгеге арзандады Фото:depositphotos.com

Қазақстанда доллардың 18 қазандағы бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда доллардың 18 қазандағы бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,09 теңгеге төмендеп, 485,04 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 18 қазандағы ресми бағамы - 487,24 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 483,58 теңгеге, сатылымы 486,31 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 483,98 теңгеден сатып алынып, 488,98 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 17 қазанда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,43 теңгеге төмендеп, 487,24 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети