Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Бүгін Қазақстандық қор биржасының сауда-саттықтары бойынша шетелдік валюталардың бағамы көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биржаның таңертеңгі сауда-саттығы бойынша доллардың бағамы 8,3 теңгеге көтеріліп, 163,9 теңгені құрады. Дегенмен, ресми бағамның бұл соммасы екінші деңгейлі банктерге ресми түрде түспей жатыр. Сол себепті дәл қазір доллар еркін айналымға жіберіліп, оның бағамы 182-200 теңгенің айналасында болып тұр. Сол сияқты еуроның бағамы да 255 теңгеге дейін шарықтап кеткен. Осыған байланысты көптеген банктерде айырбастау операциялары уақытша тоқтатылып отыр. Айта кетейік, бұған дейін ҚР ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов девальвация болмайды деп мәлімдеген болатын. Осыған орай, бүгін ол Алматы қаласында арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, доллардың қымбаттауына қатысты өз түсініктемесін бермек.
Бүгін Қазақстандық қор биржасының сауда-саттықтары бойынша шетелдік валюталардың бағамы көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биржаның таңертеңгі сауда-саттығы бойынша доллардың бағамы 8,3 теңгеге көтеріліп, 163,9 теңгені құрады. Дегенмен, ресми бағамның бұл соммасы екінші деңгейлі банктерге ресми түрде түспей жатыр. Сол себепті дәл қазір доллар еркін айналымға жіберіліп, оның бағамы 182-200 теңгенің айналасында болып тұр. Сол сияқты еуроның бағамы да 255 теңгеге дейін шарықтап кеткен. Осыған байланысты көптеген банктерде айырбастау операциялары уақытша тоқтатылып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов девальвация болмайды деп мәлімдеген болатын. Осыған орай, бүгін ол Алматы қаласында арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, доллардың қымбаттауына қатысты өз түсініктемесін бермек.