Доллардың ресми бағамы айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллардың ресми бағамы айтылды Фото:elements.envato.com

Теңге бағамы нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңге бағамы нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 4,89 теңгеге төмендеп, 456,05 теңгеге тең болды. Доллардың 28 маусымдағы ресми бағамы - 460,95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы - 454,91 теңге, сату - 459,33 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 454,34 теңгеден сатып алынып, 457,13 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, күндізгі саудада рубльдің орташа бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 8,64 теңге болды. Бұл ретте рубльдің 28 маусымдағы ресми бағамы 8,66 теңге болып белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети