Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,60 теңгеге көтеріліп, 484,18 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 16-18 шілдедегі ресми бағамы - 480,37 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 483,70 теңге, сату - 489,11 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 479,68 теңгеден сатып алынып, 483,16 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!