Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа бағамы 2,76 теңгеге көтеріліп, 465,05 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 25 тамыздағы ресми бағамы - 461,98 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағамы - 467,75 теңге, сату - 472,07 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,83 теңгеден сатып алынып, 472,00 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!