Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,58 теңгеге көтеріліп, 464,45 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 4 қарашадағы ресми бағамы - 463,60 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 464,94 теңге, сату – 469,02 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 465,40 теңгеден сатып алынып, 468,07 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!