Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,10 теңгеге көтеріліп, 472,14 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 9 желтоқсандағы ресми бағамы - 472,17 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 469,99 теңге, сату – 473,64 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 471,24 теңгеден сатып алынып, 474,32 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!