Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,21 теңгеге көтеріліп, 464,05 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 26-28 тамыздағы ресми бағамы - 460,17 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 461,64 теңге, сату – 464,80 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 460,89 теңгеден сатып алынып, 465,03 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!