Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы осы аптада төмендеуін жалғастырады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Альпари" компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова мәлім етті.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы осы аптада төмендеуін жалғастырады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Альпари" компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова мәлім етті.
Сарапшы осы аптадағы валюта нарығына қатысты тұрақты деген болжам береді. Ол доллардың теңгеге шаққандағы бағамы, әзірге, 182 теңге көлемінде тұратындығын айтады. Сонымен қатар Бодрова доллар құнының 181,90 теңге боп төмендеуін жоқққа шығармайды. Ал евро 243,50-243,70 сынды көлемде саудаланады. Рубль қысқамерзімде өз бағамын сақтайды: 5,02-5,10 теңге" дейді сарапшы.
Сұхбат берушінің айтуынша, өткен апта теңге үшін тұрақты болды. Өйткені доллардың бағамы бес күн бойына 182 деңгейінен шықпады. Ал евро апта бойына 244,15-243,65 теңге аралығында жүріп, ақырындап нығайған. Алайда Бодрованың айтуынша, мұндай шамалы ауытқу ақша айырбас пункттеріне әсер ете алмайды.
"Әзірге, Қазақстан экономикасының жағдайына байланысты жаңалықтар жұтаңдау. Көзге тартатыны - еліміздің алтын валюта қорының көлемі. Біз бұған дейін 2014 жылдың мамыр мен маусым айларында халықаралық қордың айтарлықтай азайғанына, шілдеде бұл көрсеткіш 22,1 милллиардтан 19,9 миллиард долларға дейін қысқарғанына назар аудартқан болатынбыз. Есесіне, шілде айында халықаралық қор көлемі қайтадан қалпына кеп алды, қазір мұндағы көлем 27 миллиард долларды құрайды. Ұлттық банк алтын валюта қоры деңгейінің бұлайша өсуін үкіметтік және корреспондеттік шоттардың шетелдік валютамен толыққандықтан орын алғанын айтады. Осыған сәйкес, Ұлттық банк өткен айда валюталық интервенция жүргізіп, оның көлемі шамамен 1,0-1,2 миллиард долларды қамтыған. Алтын валюта қоры қайтадан өскендіктен теңге девальвациясының орын алу қаупі туралы сөздердің мәнісі жойылған" дейді Бодрова. Еске сала кетелік, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тамыздың басында-ақ 182 теңгеге дейін төмендеген.