Досаев бюджетті 300 теңге бағам бойынша есептеу туралы түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Досаев бюджетті 300 теңге бағам бойынша есептеу туралы түсінік берді © Тұрар Қазанғапов

ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев үш жылға арналған бюджетте бағамның неліктен 300 теңгемен қарастырылатынын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев үш жылға арналған бюджетте бағамның неліктен 300 теңгемен қарастырылатынын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент кулуарында қаржы және бюджет комитетінің отырысынан кейін Досаевқа бағамның неліктен 300 теңгемен қарастырылатыны сұралды, бүгін, мысалы, бағам 308 теңге.

"Біз Ұлттық банкпен бірге ұсынылған бағамды алдық. Себебі құбылмалылық бар. Бағам 308 теңге де, 306 теңге де болды. Біз - Ұлттық банк те, Қаржы министрлігі де, Ұлттық экономика министрлігі де бюджетті есептеуге бір доллар үшін 300 теңгені қарастыру дұрыс деп есептейміз", - деп түсіндірді Досаев.

"Инфляция 2016 жылы біз бұған дейін болжағандай 6-8 пайыз дәлізінде болады. 2017 жылы да 6-8 пайыз. Ал 2020 жылға қарай біртіндеп төмендеп, 3-4 пайыз деңгейінде болады. Біз бұл параметрді өзгерткен жоқпыз. Мұнай өндіру сол көлемде қалды. ЖІӨ өсімі - 2,1 пайыз. Бұл параметрлер қалды", - деді министр.

"Баррельдің құны, біз бұған дейін болжағандай, келесі екі жылда 40 доллар болып қалады, өзгерткен жоқпыз. 2018 жылы 50 доллар болады", - деді Досаев.

Досаевтың айтуынша, салыстыру кестесі бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің теңгенің тұрақсыз бағамына байланысты бекітілмей отырғаны туралы айтылды. Бүгін, 17 қарашада отырыс басталмай тұрып Досаев бюджеттің бір доллар үшін 300 теңгелік бағамы бойынша есептелетінін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети