Досаев инфляцияға не себеп болғанын айтты

Досаев инфляцияға не себеп болғанын айтты © elements.envato.com

Инфляция салымына көп үлес қосқан азық-түлік тауарлары негізінен нан-тоқаш өнімдері мен жарма. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инфляция салымына көп үлес қосқан азық-түлік тауарлары негізінен нан-тоқаш өнімдері мен жарма. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2019 жылдың нәтижесі бойынша, инфляция 5,4 пайыз болды, бұл мақсатты дәліз бойынша 4-6 пайызға сәйкес келеді. Инфляция салымына көп үлес қосқан 9,6 пайызға қымбаттаған азық-түлік тауарлары, оның ішінде нан-тоқаш өнімдері мен жарма - 16 пайызға өскен", - деп мәлімдеді Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің баға өсуі бірқалыпты. 

"Баса назар 2019 жылы қоғам тарапынан валюта саясаты мен ұлттың валюта курсында болды. Былтыр ол ені 4,5 пайыз жеткілікті диапазонда - бір доллар үшін 373-390 теңге көлемінде болды", - деп атап өтті Досаев.

Досаев 2019 жылы теңге 0,4 пайызға ұлғайғанын, ал 2018 жылы 15,6 пайызға әлсірегенін атап өтті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети