ДСҰ келісімдері аяқталуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДСҰ келісімдері аяқталуда

Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо "Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің тезірек аяқталуына барынша қолдау көрсетеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Елбасы Дүниежүзілік Сауда ұйымының Бас директорымен кездесуі барысында еліміздің ДСҰ-ға енуі сыртқы экономикалық басымдығымыздың бірі болып саналатынын атап өтті. Роберто Азеведоның пікірінше, нақ қазір Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөнінде келісімдер мәресіне жетіп қалды. Ендігі қалғаны ДСҰ-ға мүше елдермен келісу, Кеден одағы аясында Қазақстан мен Ресейдің импорттық кедендік баж салығы жөніндегі міндеттемелерін үйлестіру. Жалпы, Қазақстан ДСҰ-на ену бағытында 1996 жылдан бері келіссөздер жүргізіп келеді. ДСҰ туралы сөз еткенде сарапшылар бұл ұйымға ену үшін алдымен әлсіз тұстарымызды мықтап алуымыз керектігін алға тартады. Мәселен, біз қазірде жеңіл өнеркәсіп және құрылыс секторы бойынша, сондай-ақ агроөнеркәсіп салалары бойынша тұтынушыларды толықтай өніммен қамтамасыз ете алмай отырмыз. "Ал ертең дүниежүзілік нарықта алдымен осы салаларымыз бәсекеге қабілетті болуы керек" дейді мамандар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети