Джек Ма Қазақстанға кеңес айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джек Ма Қазақстанға кеңес айтты "Қазақтелеком" АҚ баспасөз қызметі

Қытайлық Alibaba Group компаниясының негізін қалаған белгілі кәсіпкер Джек Ма Қазақстанға шағын бизнесті дамытуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайлық Alibaba Group компаниясының негізін қалаған белгілі кәсіпкер Джек Ма Қазақстанға шағын бизнесті дамытуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан туралы көп білімім бар деп айтпай-ақ қояйын. Бір білетінім, қолдарыңыздан мұнай шығару келеді, сондықтан ірі компанияларыңыз көп. "Қазақстанға айтар кеңесім, сіздерде шағын компаниялар мен шағын кәсіпорындар көп болуы керек. Егер сервис қызметтерін дамытқыларыңыз келсе, экономикаларыңыз екпінді болсын десеңіздер. Ал көп шағын компанияларыңыз болсын десеңіздер, сіздерде кәсіпкерлер көп болуы керек, жастарға дем беріп, оларды оқытыңыздар. Компанияның барлық қадамы 20 жыл бұрын тамаша болған еді", - деді ол.

Alibaba Group компаниясының негізін қалаған кәсіпкердің пікірінше, орта класс барлық елдің экономикасын күшейтеді. 

"Өздеріңіз өнім шығарыңыздар, бұл сіздерге пайдалы, елдеріңіз үшін пайдалы. Бұл әлем - проблема. Бізде өте бай адамдар бар, бірақ бізде кедей адамдар өте көп. Ал орта класымыз қайда? Сауда, шағын бизнес орта класс өкілдерінің санын миллионға жеткізе алатын сала. Орта класс күштірек болса, ел жаңарады, тұрақты әрі қуатты болады. Орта класс үлкен емес. Қазақстанның айтарлықтай мүмкіндіктері бар. Сіздерде ірі және шағын компаниялар бар, олар өзгере алады. Болашақ шағын компанияларда. Нарықта ірілер болмайды, жақсылары ғана болады. Шағындары күштірек әрі тұрақты болады. Қазақстанда тамаша шағын компаниялар бар. Осы жағдайда ел экономикасы өте қуатты болады. Мен осыған сенемін", - деді қытай кәсіпкері.

Джек Ма - қытай кәсіпкері, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушысы әрі төрағасы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети