16 мамыр 2014 14:02

ЕЭК-та әлі күнге дейін ресейлік тараптың ықпалы басым

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

Еуразиялық экономикалық комиссия үш елдің мүддесін бірдей қорғай алмай отыр. Себебі онда бір жақтың ықпалы басым болып тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі Талғат Доскеновке сілтеме жасап. 


Еуразиялық экономикалық комиссия үш елдің мүддесін бірдей қорғай алмай отыр. Себебі онда бір жақтың ықпалы басым болып тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі Талғат Доскеновке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қазақстандық бизнес үшін маңызды мәселелердің бірі - Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімшарттың жобасы. "Біз аталған құжаттың нұсқаларын үнемі өз сайтымызда жариялап отырамыз. Онда Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келіспейтін мәселелері де көрсетіледі. Бүгінде ондай мәселелердің саны 28-ге жетті", - деді Т.Доскенов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Президиум мүшесінің хабарлауынша, қазір утилизациялық алым-салыққа қатысты келіспеушіліктер әлі де бар. Мәселен, былтыр Қазақстандағы "Astana Motors" компаниясы Ресейге 2,5 мың автобусты жеткізбекші болған. Алайда ол жақтағы утилизациялық алым-салықтың (әрбір автобусқа шамамен 6-7 мың доллар) енгізілуіне байланысты бірде-бірде қоғамдық көлік сатылмайды. Ресейлік көліктер болса, Қазақстанға ешбір алым-салықсыз тасымалданып жүр. "Беларусьпен ондай проблема жоқ. Оларда да утилизациялық алым-салық бар. Бірақ ондай норма Кедендік одақ елдеріне тарамайды", - дейді Т.Доскенов.

Оның сөзіне қарағанда, елдің ішкі субсидияларын Еуразиялық экономикалық комиссиясымен келісіп отыру сияқты шараларды да алып тастау қажет. Себебі ол - әрбір мемлекеттің ішкі жұмысы. Оған комиссия араласпауы тиіс. "Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасы шағын және орта бизнестің ішкі ұлттық заңнамасына әсер етпеуі шарт", - деп атап көрсетті Т.Доскенов.   

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети