Экономиканы дамытуға Ұлттық қордан жыл сайын 3 миллиард доллар бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экономиканы дамытуға Ұлттық қордан жыл сайын 3 миллиард доллар бөлінеді ©РИА Новости

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы үш жыл ішінде Ұлттық қордан жыл сайын 3 миллиард долларға дейін қаржы бөлуге өкім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы үш жыл ішінде Ұлттық қордан жыл сайын 3 миллиард долларға дейін қаржы бөлуге өкім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан.

"Елдің бұл жиналған қаражаты халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталуы керек, біздің оны үнемдеуіміз қажет. Бұл жағдайда Ұлттық қордан 2015, 2016, 2017 жылдардағы кезеңге жыл сайын 3 миллиард долларға дейін қосымша бөлу қажеттігі туралы мәлімдеймін", - деді Президент. 

Мемлекет басшысы Ұлттық қордың басты міндеті елдің тұрақты әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету мен экономиканы сыртқы жағымсыз факторлардан сақтау екенін атап өтті. "Әлемдік экономикадағы ахуал сондай, дағдарыс жағдайында мемлекеттің қосымша қаржылық шығыстарынсыз алға қойған мақсаттарға жету қиын. Дәл қазір бізге қор резервтерін пайдаланатын сәт туды", - деді ол. 

Ол Үкіметке Ұлттық қордан қаржы бөлу жөнінде бір апта мерзім ішінде тиісті шешімді дайындауды және 2015 жылға арналған республикалық бюджет жобасында барлық қажетті қаражатты ескеруді тапсырды. "Үкіметке бұл қаражатты тиімді, мақсатты түрде пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қолға алуды тапсырамын. Мен бұл мәселе жөнінде құрған комиссия қаражаттың тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, маған жеке баяндап отыратын болады. Әр теңгенің сұрауы болады. Қаржының өз мақсатына жұмсалуын бақылау бойынша барлық деңгейдегі әкімдер мен "Нұр Отан" партиясы филиалдарына ерекше жауапкершілік жүктеледі. "Нұр Отан" бұл жұмысқа белсенді түрде қатысуы керек", - деді Назарбаев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети