Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Елбасына Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуал және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынылды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Бес институционалдық реформаны іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары тармақтарын сапалы орындаудың маңыздылығына назар аударды.
"Экономикадағы ахуал жаман емес. Қазір "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын мұқият жүзеге асыру маңызды. Орындалған міндеттер бар, бірақ ерекше мән беруді қажет ететін орындалмаған тармақтар да қалып отыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде Асқар Мамин 2019 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізген экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері және ұлттық экономиканы одан әрі нығайту жөніндегі жоспарлары туралы мәлімет берді.
"Ел экономикасы тұрақты дамып келеді. Біз жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткіздік. 2019 жылдың нәтижесі бойынша ЖІӨ өсімі 4,5 пайыз болды. Негізгі драйверлер - құрылыс, көлік, сауда, байланыс салалары", - деді Үкімет басшысы.
Асқар Маминнің баяндамасына сәйкес құрылыс саласының даму қарқыны 12,9 пайыз, сауда - 7,6 пайыз, байланыс - 5,2 пайыз, көлік - 5,1 пайыз, өңдеу саласы - 4,4 пайыз, тау-кен өнеркәсібі - 3,7 пайыз құрады. Ал халықтың табысы 5,5 пайыз, негізгі капиталға инвестициялар 8,5 пайыз өсіп, сауда айналымы 97 миллиард долларға жеткен.