02 шілде 2014 | 15:13

Электр қуаты мен газ құны өсетін болады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Novostienergetiki.ru ©Novostienergetiki.ru

Электр қуаты мен газдың құны өсетін болады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің 2014 жылдың алғашқы жартысына арналған елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есебін тыңдағаннан кейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Электр қуаты мен газдың құны өсетін болады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің 2014 жылдың алғашқы жартысына арналған елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есебін тыңдағаннан кейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаласаңыздар да, қаламасаңыздар да, электр энергиясының құны артатын болады. Газ құны да өсіп, әлемдік деңгейге жетеді, өйткені басқаша жұмыс істеу мүмкін емес. Демек қуатты тек қана үнемдеу қажет. Қуат үнемдеуші жабдықтар - келешектің ісі", - деді Президент.

Мемлекет басшысы Кореяның электр қуатын тасымалдау кезінде оның шығынын күрт азайтатын технологияны қолдану тәжірибесін мысалға келтірді. "Біз бұл мәселемен әлі күнге дейін айналысқан емеспіз. Біз 20%-ға дейін жоғалтамыз. Ол - бірнеше қуатты электр станциясы. Ал Оңтүстік Корея тасымалдау кезінде қуаттың 7-8%-ын жоғалтады. Ол - желілердегі жаңа жабдықтың арқасы", - деді Президент.

"Бұл - міндет. Мен жаңа жабдықтар, басқа трансформаторлар екенін түсінемін. Бірақ сонымен айналысу керек. Электр станцияларын салудың орнына қолда бар нәрсені пайдаланған жөн. Бұл - бір, екіншіден, электр үнемдеу жөнінен зауыттар мен кәсіпорындарды қысу керек. Бұл - өндіріске жаңа жабдықтар орналастыру керек деген сөз. Индустрияландыру дегеннің өзі - осы", - деді Елбасы.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети