Елімізде наурыз көженің қоспалары қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде наурыз көженің қоспалары қымбаттады © pandaland.kz

Наурыз көжеге қосылатын қоспалар қымбаттап кетті, деп хабарлады КТК.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурыз көжеге қосылатын қоспалар қымбаттап кетті, деп хабарлады КТК.

Телеарнаның хабарлауынша, наурыз көже биыл былтырғыдан қымбатқа түсетін түрі бар. Себебі мейрамның басты асына пайдаланатын негізгі 7 қоспаның бәрінің бағасы өскен. Мейрам қарсаңында дәнді-дақылдар, ет пен айранның саудасына сараптама жасаған мамандар осылай деп отыр.

Мысалы, тұз республика бойынша орташа есеппен 51 теңгеден сатылып жатыр. Бір жыл бұрынғы бағамен салыстырсақ 7 жарым пайызға өскен. Ұнның келісі - 150 теңге, 0,4 пайызға қымбат. Наурыз көженің негізгі дәмдерінің бірі -тары да 1,3 пайызға шарықтап, 209 теңгеге жеткен. Сүт өнімдері де қымбат. Айранның литрі 273 болса, сары майдың келісі 2 мың теңгеге жуықтапты.

"Еттің де бағасы ұшып тұр. Мысалы жылқы еті 7,6 пайызға, сиыр мен қойдыкі 10 пайызға дейін қымбаттаған. Бұл аздай мейрам күндері саудагерлер бағаны одан сайын көтеріп жіберетіні тағы бар", - деп хабарлады тілші.

Дереккөз: КТК.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети