Елімізде жыл басынан бері инфляция 4,2 пайызды құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

Көктемнің соңғы айында азық-түлік тауарларының бағасы 0,4 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7 пайызға, ақылы қызметтер 0,5 пайызға өсті. Ұлттық Банктің деректері бойынша жылдың басынан бері, яғни 2016 жылғы қаңтар-мамыр аралығында инфляция 4,2 пайызды құрады.
"Ай сайынғы инфляция көп жылдық үрдіске сәйкес келеді және 2016 жылдың қорытындысы бойынша 6-8 пайыздық дәлізге қол жеткізуге болады деп есептеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Ақышев.
"Ұлттық Банктің көптеген сыртқы және ішкі факторлар (ішкі сұраныс, мұнайдың әлемдік бағасы, сауда әріптес елдердегі ахуал және басқалары) негізінде жасаған болжамдары да инфляция көрсеткішінің болжамды дәліз шегінде болу ықтималдығының жоғары екендігін растайды", - деп атап өтті Ұлттық Банктің басшысы.