08 сәуір 2016 | 15:02

Ең қымбат ет пен шұжық Қазақстанның қай қалаларында сатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© appetites.ru © appetites.ru

Ең қымбат ет пен шұжықтың Қазақстанның қай қалаларында екенін Energyprom.kz сараптама қызметі анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ең қымбат ет пен шұжықтың Қазақстанның қай қалаларында екенін Energyprom.kz сараптама қызметі анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Облыс орталықтарының арасында ең қымбат сиыр еті мен шошқа етін Ақтау тұрғындары сатып алып жүр (бір келісі 1324 және 1295 теңге), қой мен тауық еті - Астанада (бір келісі 1390 және 726 теңге), жылқы еті - Қарағандыда (бір келісі 1752 теңге).

Сонымен қатар, сиыр етінің ең төменгі бағасы Павлодарда екені анықталды (бір келісі 1018 теңге), қой еті - Оралда (1000 теңге), шошқа мен жылқы еті - Көкшетауда (756 және 1199 теңге), тауық еті - Қостанайда (579 теңге). Олардың мәліметінше, орта есеппен тауық еті наурыз айында 1,9 пайызға қымбаттаған, бір келісі 647 теңге, сиыр еті бір жылда 0,2 пайызға арзандады, бір келісі - 1176 теңге. 

Мамандардың айтуынша, ет өнімдерін өндіруші кәсіпорындар наурыз айында сиыр мен бұзау етін қымбаттатып, бағаны 854 теңгеге дейін көтерді (бір жылда плюс 4,7 пайыз). Шошқа еті де қымбаттады - әр келісі 462 теңгеге дейін, 5,8 пайыз. Қой еті керісінше күрт арзандады - бірден үштен бір бөлікке, әр келісі 711 теңге. Сонымен қатар, тауық еті арзандады - 465 теңге, 2015 жылғы наурызбен салыстырғанда минус 7,4 пайыз.

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, шұжықтың бағасы көтерілді - пісірілгені (плюс 27,1 пайыз, 1053 теңгеге дейін), және жартылай сүрленгені (плюс 20,6 пайыз, бір келі үшін 1236 теңгеге дейін).

Сонымен қатар, ҚР бойынша орта есеппен 0,2 пайызға сиыр еті арзандады, 1176 теңгеге дейін. Еттің өзге түрлерінің бағасы көтерілді: қой еті - плюс 0,5 пайыз, 1172 теңге, шошқа еті - 0,4 пайыз, 1071 теңге, жылқы еті - 1,8 пайыз, 1416 теңге, тауық еті - 1,9 пайыз, 647 теңге.

Шұжықтың бағасы көтерілді: 15,9 пайызға, 1454 теңге - пісірілгені және 12,9 пайызға, 1656 теңге - жартылай сүрленгені. "Облыс орталықтары мен қалалардың арасында ең қымбат пісірілген шұжықтар Алматыда (2153 теңге), ең арзаны Таразда (1042 теңге). Жартылай сүрленген ең қымбат шұжықтар Астанада (2471 теңге), ең арзаны Таразда (бір келісі 1140 теңге)", - деді мамандар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети