Энергетика министрлігі электр энергиясын қымбаттату жоспарын түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Энергетика министрлігі электр энергиясы тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасына түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрлігі электр энергиясы тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасына түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін 2021 жылдан бастап қымбаттату жоспарланған.

"2020 жылдың қыркүйегінде 37 энергия өндіруші ұйым (тарифтер белгіленетін 45 ұйым ішінен) Энергетика министрлігіне электр энергиясы тарифтерін өзгертуге өтінім берді. Энергия өндіруші ұйымдардың бұл құқығы Электр энергетикасы туралы заңнамада көрсетілген", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Тарифтерді өзгерту "Электр энергетикасы туралы" заң негізінде өндіріс процесіне пайдаланылатын су, көмір, газ, құрамында күкірт бар шикізат, электр энергиясын өндіруге отын ретінде пайдаланылатын мұнай өнімдеріне, сондай-ақ көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты және мұнай өнімдерін тасымалдауға мемлекетпен реттелетін бағалардың өзгеруіне байланысты жүргізіледі.

"2020 жылы және 2021 жылдың басынан бастап энергия өндіруші ұйымдарға тәуелді емес мына шығындар ұлғайды:

  • Қаражыра көмірінің бағасы 8,6 пайызға өсті, "Богатырь Көмір" ЖШС көмірі бағасы 2020 жылы 9,9 пайызға өсті, оны тасымалдау шығындары 7 пайызға артты;
  • Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) өндіретін электр энергиясын міндетті сатып алу көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 68 пайызға ұлғайды, ЖЭК шығындары 49 пайызға артты;
  • газ тасымалдау қымбаттады;
  • жөндеу жұмыстары шығыны көбейді", - деп хабарлады Энергетика министрлігі өкілдері.

    Дегенмен Энергетика министрлігі тарифтерді өзгерту мәселесі әлі де қаралып жатқанын түсіндірді. Жоба әзірге көпшілік талқылауында, сондай-ақ мәселені "Атамекен" Табиғи монополияларды реттеу комитеті қарастырып жатыр. Министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолдануға уәде берді.

    "Энергетика министрлігі құзыретіне энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясы тарифтерін жеті жылдық кезеңге бекіту мәселелері кіреді. Халық үшін тарифтерді өзгертумен Ұлттық экономика министрлігі айналысады", - деп толықтырды Энергетика министрлігі өкілдері.

    Электр энергиясы тарифтері туралы мына жерден оқи аласыз.

    Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

    Tengrinews
    Читайте также
    Join Telegram Последние новости
    Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
    Иконка закрытия мобильного меню
    Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

    Валюта бағамы

     514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

     

    Ауа райы

    location-current
    Алматы

     

    Редакция Жарнама
    Социальные сети
    Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
    yadro