ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2021 | 17:50
Энергетика министрлігі ресейлік көліктерге жанармай құйғандардың видеосын түсіндірді
Энергетика министрлігі Қазақстаннан ресейлік көліктердің жанармай құюы туралы видеоға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Энергетика министрлігі Қазақстаннан ресейлік көліктердің жанармай құюы туралы видеоға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде видео тараған. Видео авторы 5 қазанда Ақтөбе облысында ресейлік нөмірдегі көліктер жанармай құю станцияларынан жанармай құйып алып жатқанын көрсетеді.
"Қазақстанда дизель отыны жоқ дейді. Міне, ресейлік көліктер келіп, Әлімбетовтен жанармай құйып жатыр. Олар дизель отынын сыртқа шығарады, бірақ бізге бермейді. Оларға 164 теңгеден береді, бізге 270 теңгеге бермей қойған. Осылай күніне 90 тоннадан шығарылады. Газбен бірдей. Күніне үш-төрт рейс жасалады", - дейді видео авторы.
Қазақстанның Энергетика министрлігі көліктерге дизель отыны емес, бензин құйылғанын мәлімдеді.
"Ақтөбе әкімдігінің ақпараты бойынша, "Убайдуллин М." ЖК ЖҚС-да АИ-92 маркалы бензин литріне 164 теңге бағамен сатылды. Бұл ЖҚС-та дизель отыны сатылмайды. Бадамша және Қос-Естек ауылдарында дизель отыны еркін сатылып жатыр", - делінген ведомство жауабында.
Сондай-ақ, министрлік мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін бұрын ІІМ, ҰҚК және Қаржы министрлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен алты ай мерзімге әкетуге тыйым салуды көздейтін бірлескен бұйрық қабылданғанын хабарлады. Бұйрық майлауға арналған май әкетуге және бензин бактарында мұнай өнімдерін әкеткен жағдайда, сондай-ақ, көлемі 20 литрден аспайтын жеке сыйымдылықтарда ЖЖМ әкеткен жағдайда қолданылмайды. Бұйрық мерзімін қарашадан бастап тағы алты айға ұзарту жоспарланып отыр.
Депутат Қазақстанда отын жетіспеушілігінің себебін түсіндірді
Ведомствода қазақстандықтарға отынды әкету деректерін байқаған кезде ІІМ, Мемлекеттік кірістер комитеті немесе ҰҚК Шекара қызметі органдарына хабардар етуге кеңес беріледі.
Бұған дейін энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елде отын дағдарысы "бүгін ғана болып отырмағанын" мәлімдеген болатын.
"Тамыздан бастап қорымыз азая бастады. Оған қоса, егін жинау жұмыстары жүргізілді, сәйкесінше, еліміздің мұнай базаларында қор өте төмен", - деді министр 30 қыркүйекте.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также