Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында бірыңғай төлем жүйесін құру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында бірыңғай төлем жүйесін құру ұсынылды Фото glazev.ru сайтынан алынды

Ресей Президенті Владимир Путиннің кеңесшісі Сергей Глазьев Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында бірыңғай төлем жүйесін құруды ұсынуда. Бұл ұсынысын ол Астана экономикалық форумы барысында білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Президенті Владимир Путиннің кеңесшісі Сергей Глазьев Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында бірыңғай төлем жүйесін құруды ұсынуда. Бұл ұсынысын ол Астана экономикалық форумы барысында білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазіргі таңда Ресейде ұлттық төлем жүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Менің ойымша, мұндай төлем жүйесін бүкіл Еуразиялық экономикалық одаққа бірден жасау барынша тиімді болар еді" - дейді Глазьев.

Оның пайымынша, қазіргі уақытта мұндай функция барынша талап етіліп отыр.

"Егер де біз өзіміздің орталық төлем жүйемізді құрмайтын болсақ, онда саяси тәуекелдермен, бұған қоса халықаралық желілерде қосымша тосқауылдармен үнемі бетпе-бет келіп отыруымыз мүмкін", - деді ол.

Осылайша Глазьевтің айтуынша, бұл мәселе саяси тәуекелдерден сақтану құралы бола алады.

Бұған қоса ол төлем жүйесін ұлттық валютада жүргізуге тағы бір назар аудартты. "Мен, жақын уақыт аралығында барлық сауда-саттық төлем жүйелерін  ұлттық валютада жүргізуге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Бұл біздің сауда айналымының әлеуетін өсіреді"  - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети