Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартта Қазақстан өз ұстанымын қорғай білді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©point.md ©point.md

Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісішартта Қазақстан негізгі мәселелер бойынша өз ұстанымын қорғай алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық кәсіпкердер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевқа сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісішартта Қазақстан негізгі мәселелер бойынша өз ұстанымын қорғай алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық кәсіпкердер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевқа сілтеме жасап. 

Оның сөзіне қарағанда, негізгі мәселелердің бірі - арнайы субсидиялар. 2017 жылдан бастап ондай әрбір субсидияның (мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары - сан алуан жеңілдіктер жағы, тағысын тағы) көлемін Еуразиялық экономикалық комиссиямен келісіп отыруға тура келеді. Оған дейін ол одаққа мүше мемлекеттің ішкі жұмыстарына араласпайды. Теміржол тарифтерін де әрбір мемлекет өздігімен белгілейді. "Көлік саласында біраз келіспеушіліктер болды. Біз ішкі тасымал мәселесін қорғап алдық. Мәселен, Беларусьтың жүк тасымалдаушысы Шымкенттен Атырауға немесе Қарағандыға қатынап, жұмыс істей алмайды. Ондай тасымалға тыйым салынды", - деді бүгін Р.Ошақбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұдан бөлек, Ресей арқылы тасымалданатын қазақстандық тауарларға жеңілдік беріледі. Бірақ ол жеңілдік теңіз порттарына дейін жүреді. "Сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы техникалық реттеу мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстар жасаған болатын. Атап айтқанда, бас кезінде құрылыс пен жоспарлау саласындағы бірыңғай нормалар болады делінген. Қазір ондай норманы алып тастады. Ал құрылыс пен жоспарлауды ұлттық деңгейде жүргізуге мүмкіндік бар", - дейді Р.Ошақбаев. 

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты үш елдің президенттері мамырдың соңына қарай рәсімдеуі тиіс. Аталған құжатқа сәйкес, 2015 жылдан бастап Кедендік одақ аймағында Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істейтін болады.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.57  course up  570.44  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer