23 маусым 2014 | 21:46

Еуроодақ Қырым импортына тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gazeta.ru Фото: gazeta.ru

Украинадағы жағдайға байланысты Еуроодақ елдеріне Қырымнан енетін импорт тауарларға тыйым салынды.  Бұл туралы Литваның Сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс мәлім етті, - деп хабарлайды "Прайм".


Иконка комментария блок соц сети

Украинадағы жағдайға байланысты Еуроодақ елдеріне Қырымнан енетін импорт тауарларға тыйым салынды.  Бұл туралы Литваның Сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс мәлім етті, - деп хабарлайды "Прайм".

Сондай-ақ, Еуроодақ санкция салынған тұлғалардың тізімін қайта толықтырды. Қазір санкциялық тізімге Ресейдің және Украинаның 61 азаматы еніп отыр. Бұл азаматтарға Еуроодақ аумағына енуге тыйым салынды.

Бұған қоса еуропалықтар Қырымның мұнай және мұнай өнімдерін өңдеуші екі кәсіпорынына санкция енгізді. Олар "Қара теңіз мұнай-газ" кәсіпорыны мен "Феодосий мұнай өнімдерін өңдеуші" кәсіпорыны.

Жалпы,  РИА Новости нақтылап отырғандай Қырым тауарын Еуропаға импорттауға 25 маусымнан бастап тыйым салынбақ. Қырым Республикасы басшысының кеңесшісі Рустам Темиргалиев бұл еуропалық санкциялардың отандық өндірушілерге аса әсері болмайтынын айтып отыр. "Қырымның арақ-шарап және ауыл шаруашылығы өнімдеріне Ресейде сұраныс жоғары. Ал химиялық кәсіпорындардың өнімдеріне Қытай мен Үндістанда сұраныс бар" - дейді ол.

Еске салайық,  биылғы 23 сәуірде Еуроодақ еркін сауда айналымын құру мақсатында Украинаның ауыл шаруашылығы өнімдеріне бірқатар кедендік баж салығын алып тастаған болатын. Бұл шешім 1 қарашаға дейін жалғасын таппақ. Жалпы, болашақта Украина мен Еуроодақ еркін сауда аймағы мен ассоциация құру туралы келіссөз жүргізіп, сөз байластыруды да ойластырып отыр. Бұл келісімге 27 маусым күні Брюссельде өтетін саммитте қол қою жосапарлануда. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети