Еуропаның 33 мемлекеті арасында ең арзан дизель отыны Қазақстанда сатылады. Бұл деректі бензин мен дизель отынының бағасы бойынша жасалған мемлекеттердің рейтингі дәлелдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Еуропаның 33 мемлекеті арасында ең арзан дизель отыны Қазақстанда сатылады. Бұл деректі бензин мен дизель отынының бағасы бойынша жасалған мемлекеттердің рейтингі дәлелдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мәліметтерді жинақтаған рейтингке сәйкес, ең қымбат дизель отыны Ұлыбританияда сатылады - литрі 106,5 рубль (349,4 теңге). Одан кейінгі орында Италия мен Швеция тұр. Қазақстан рейтингтің төменгі сатысында. Сарапшылардың мәліметінше, дизель отыны мұнда 29 рубльден (95,1 теңге) сатылады. Ресейде - 34,6 рубль (113,5 теңге), ал Беларусьте - 45,1 рубль (148 теңге).
Еуропаның 33 мемлекетінің арасында ең қымбат бензиннің Нидерландыда екені анықталды - 103,9 рубль (340,9 теңге). Алғашқы бестікте Ұлыбритания мен Дания бар. Рейтингтің ең төменгі сатыларына Кедендік Одаққа мүше елдер жайғасты, яғни оларда бензин ең төменгі бағамен сатылады. Қазақстан 32-орында, елімізде АИ-95 бензинінің әр литрі 2015 жылдың маусым айынан бері 39,2 рубльден (128,6 теңге) сатылады. Рейтингтің ең соңғы орнында Ресей тұр - 35,7 рубль (117,1 теңге).
Айта кетейік, еуропалық елдердің арасында бірінші жартыжылдықта Украинада бензин күрт қымбаттады. Баға бірден 21 пайызға көтерілді. Сонымен қатар, баға 19,7 пайызға Хорватияда, Люксембургте, Дания мен Ұлыбританияда артты.