"Эйр Астана" әлемдік компаниялармен бәсекеге түсуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме жасап.
"Эйр Астана" әлемдік компаниялармен бәсекеге түсуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме жасап.
"Біз Эванс мырзамен ("Самұрық-Қазына" АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі Ричард Гарри Эванс мырза) "Эйр Астананы" нөлден бастап құрдық, Қазақстанда авиация болмаған, ол тоқырап тұрған, шын мәнісінде, жоқ еді десек те болады. Осы ретте біз үлкен күмәнмен шағын компания құрдық. Ал қазір "Эйр Астана" посткеңестік кеңістікте көшбасшылыққа жетті, үздік әлемдік деңгейге шығуға және Азияға қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасы жағынан жақсы көрсеткіш көрсетуге әзір", - деді Назарбаев "Самұрық-Қазына" АҚ Трансформация бағдарламасының тұсаукесеріне арналған форумда.
Елбасының пікірінше, жақсы нәтиже көрсетіп келе жатқан тағы бір компания бар, ол - Назарбаев университеті.
"Біз компанияларды осы деңгейге көтеруді мақсат еттік, енді олар өзі тәріздес әлемдік озық компаниялармен бәсекелесуі керек. Міне, біз осы мақсатты міндет етіп қойып отырмыз", - деді Мемлекет басшысы.
Елбасы сонымен қатар, мемлекеттегі жетекші компаниялардың қатарында "Қазақстан темір жолы" мен "ҚазМұнайГаз" компаниялары да бар екенін атап өтті. Елбасының айтуынша, "Эйр Астанамен" бірге аты аталған компаниялар да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр, олар ТМД аумағында жетекші орынға ие. "Дегенмен, мұндағы басты мәселе - олар ендігі күні әлемдік озық компаниялармен бәсекелесуі керек. Қазақстанда бұл компанияларға бәсекелестік жоқ. Сондықтан да, осы міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін біз сіздерді шақырып отырмыз", - деді Назарбаев халықаралық сарапшыларға қарата айтқан сөзінде.
Президент "Самұрық-Қазына" қоры қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін құрылғанын атап өтті. Алайда дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде компанияның жұмысы өзгерді. Осы ретте қор төтенше жағдайларды шешу үшін күрделі жағдайларға тап болған банктердің құрамына енді.
"Қазір банктер де жұмысын қазір жандандыра бастады. Ендігі міндет - қорды өзінің құрылған мақсатына оралту", - деді ол.