ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 сәуір 2014 11:31
Газ саласына 3,5 мың шетел маманы тартылады
Ел Үкіметі биыл газ саласындағы негізгі үш жобаға тартылатын шетелдік жұмыс күшінің көлемін бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген Үкімет қаулысына сілтеме жасап.
Оған сәйкес, "Қазақстан - Қытай" газ құбырының "С" бөлігін тарту жұмыстарына 1817 шетел маманы шақырылса, "Бейнеу - Бозой - Шымкент" жобасына 1151 маман қатысады. Ал Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезең құрылысына шетелден 622 маман шақырылады. Жалпы, квота аясында 3590 шетел маманын тарту жоспарланған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу