Қазақстанның Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі "халал" саналатын өнімдердің құрамындағы тіннің түрін сәйкестендіруді анықтау үшін шұжық өнімдеріне зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде шұжық өнімдерінің құрамында шошқа еті анықталды, - деп хабарлады Тенгриньюс тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі "халал" саналатын өнімдердің құрамындағы тіннің түрін сәйкестендіруді анықтау үшін шұжық өнімдеріне зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде шұжық өнімдерінің құрамында шошқа еті анықталды, - деп хабарлады Тенгриньюс тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тоқтала кететін жайт, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында "халал" өнімінің қауіпсіздік және сапалық көрсеткіштері регламенттелмейді, тек "1353-2005 ҚР СТ" Ұлттық стандарты бар, алайда оны сақтау да - кәсіпкерлердің еркі. Сонымен қатар, ол стандарттағы өнім Қазақстанда міндетті сертификатталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне жатпайды. Ал индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпаратына сәйкес, өнімге "халал" белгісін беру тәртібін белгілейтін және реттейтін заңнамалық актілер жоқ. Алайда соған қарамастан "Қазақстанның халал индустриясы" қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі "Халал" өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау, одан әрі куәлік пен сертификат беру қызметін жүзеге асырып келеді.
Сонымен бірге, Дін істері агенттігі "Қазақстанның халал индустриясы" қауымдастығы діни бірлестік емес екенін, ал өнімді "Халал" деп бөлу дін мәселелеріне жататынын еске салады. "Сондықтан, аталған бірлестіктің өнімді "Халал" ретінде анықтау жөніндегі сертификаттар мен куәліктерді беруі қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейді", - деп санайды Дін істері агенттігі.
Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі "халал" өнімдерінің құрамындағы тіннің түрін сәйкестендіруді анықтау үшін шұжық өнімдеріне жүргізген зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша мына шұжық өнімдерінің құрамында шошқа еті барын анықтады:
ҚР "Халал" өндірісінің "Мусульманские", "Говяжьи" шұжықтары;
Қазақстанда өдірілген "Докторская в/с в синюге" шұжығы;
Қазақстанда өндірілген "Халал" жартылай ысталған шұжығы; "Жартылай ысталған шұжық";
Қазақстанда өндірілген "Конские сосиски";
Қазақстанда өндірілген "Элитная" (жоғары сұрып) халал мұсылмандық сервелаты.
Сондай-ақ,"халал" белгісі бар "Целинная - фабрика деликатесов" шұжығының заттаңбасында оның "Қазақстанның халал индустриясы" қауымдастығының бақылауымен дайындалғаны жазылған, алайда құрамында "ШПИК" бар екендігі көрсетілген.