Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда көліктің қымбаттауы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда көліктің қымбаттауы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл тенденция (бағаның өсуі - ескерт.) тек біздің республикада ғана емес, халықаралық деңгейде жүріп жатыр. Көбісі, әрине, Қазақстанда шығарылатын базалық брендтерге сілтеме жасайды, бірақ сонымен бірге базалық бағалар BMW, Mercedes, Toyota сияқты брендтерге және Қазақстанда мүлдем шығарылмайтын басқа көлік брендтерінде де қатысты. Яғни, Қазақстанда анықталған ішкі нормалар факторы бүгінде басқа көлік түрлеріне әсер етпейтінін көріп отырсыздар", - деді Атамқұлов Үкіметте журналистердің сауалдарына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, дәл осындай өсім көрші елдерде де байқалады.
"Мысалы, Ресейде. Қытай нарығында да солай болып жатыр. Еуропа елдерінің нарығында да солай. Бұл бірінші кезекте қалыптасқан сұраныс. Кейінге қалған сұраныс десе де болады. Естеріңізде болса, пандемия кезінде адамдар іс жүзінде үйде отырды. Банктер жұмыс істемеді, адамдар тіпті пәтер ақысын төлей алмады. Көптеген көлік салоны, туристік қызметтер құлдырады және т.б.", - деп қосты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
Министр карантинның жеңілдеуі сатып алу-сату нарығындағы қозғалысқа ықпал етіп, бағаның өсуіне әкелгенін айтты.
"Біз әлі де пандемия режиміндеміз, бірақ талап жұмсарды, әсіресе сауда қызметтерінде өсім бар. Электрон чиптерді жеткізу жүйесінде ақау болды. Негізгі жеткізушілер - Тайвань, Қытайға АҚШ салған санкцияларға байланысты.
Кәсіпорындарға чиптер жеткізілмеді, көптеген еуропа және жапон автомобиль кәсіпорындары, соның ішінде Корея автокөлік жинақтарын шығаруды тоқтатты. Бірақ қазақстандық автоөнеркәсіпте, таңғалдыратын нәрсе, дүние жүзінде бөлшектерді жеткізу азайып бара жатқанымен, Қазақстанда 65 мың автокөлік шығарылды. Былтыр 53 мың болған еді", - деп түйіндеді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!