Игерілмеген қаржы Парламентке жетпей қайтарылады - Сағынтаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© primeminister.kz © primeminister.kz

Мемлекеттік органдардың уақытында игерілмеген бюджет қаржысы Парламентке жетпей қолданыстан шығарылатын болады. Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік органдардың уақытында игерілмеген бюджет қаржысы Парламентке жетпей қолданыстан шығарылатын болады. Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Игерілмеген біраз сома Мәдениет және спорт министрлігінде, Қорғаныс министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және Ұлттық экономика министрлігінде бар", - деп хабарлады қаржы министрі Әлихан Смаилов.

Оның айтуынша, бюджет шығыны 7,92 триллион теңгеге немесе 99,2 пайызға жеткен.

"Игерушілік жақсарды, атқарылмағаны 53,6 милиард теңге. Үнемдеуді есепке алмағанда - 6,5 миллиард, игерілмегені - 47,1 миллиард теңге. Бұл биылғы 8 айдағы көрсеткіштен 33 миллиард теңгеге жоғары", - деп хабарлады Смаилов. 

Сағынтаев үкіметті барлық күшті мобилизациялауға шақырды.

"Біз қазір бюджетті нақтылаймыз, ертең Парламентте қаралатын болады. Қаржы министрінің мәлімдеуінше, сіздердің барлықтарыңызға игерілмеген қаражат жөнінде еркерту жасалған. Олар алып тасталады, өзгерістер қарастырылып, бюджет нақтыланады. 9 айдың қорытындысы бойынша қандай әкімдіктер игермеді, олардың қаржысы алып тасталынады. Бұл қаражат белсенді игеретіндерге, өзге бастамаларға беріледі. Жыл соңына дейін үш ай бар, әр айдың қорытындысы бойынша игерілмеген қаржы алынып отырады. Мұны Парламентке жетпей шешеміз және игере алатын, сұрап отырған жерлерге береміз", - деп ескертті премьер-министр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro