Илон Маск биткоин құруға қатысы бар деген мәліметке жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск биткоин құруға қатысы бар деген мәліметке жауап берді © REUTERS

Илон Маск Bitcoin құрды деген мәліметке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск Bitcoin құрды деген мәліметке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Twitter желісінің қолданушысы миллиардерге осы мәселеге байланысты жауап беруін сұрады. 

"Бұл жалған. Досым бірнеше жыл бұрын маған бірнеше BTC жіберді, алайда мен оның қайда екенін білмеймін", - деп жауап берді Маск Twitter желісіндегі парақшасында. 


Twitter @elonmusk

Осыған дейін SpaceX компаниясының тағылымгері Сахил Гупта Илон Масктің танымал Сатоши Накамото псевдонимімен биткоиннің құрастырушысы екенін айтқан еді. 

Өзінің сөзіне дәлел ретінде ол Масктің C ++ бағдарламалық тілін жақсы меңгергенін айтты. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, Маск "бүкіл ғаламшардың жаһандық мәселесін шешу" ісіне белсене атсалысып жүр-мыс. Биткойн 2008 жылы қаржы дағдарысы кезінде дәстүрлі банк жүйесінің альтернативасы ретінде құрастырылғаны айталған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети