24 қаңтар 2015 19:32

Иран сыртқы саудада долларды қолданудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Иран билігі өзге елдермен есеп айырысуда АҚШ долларын қолдануды тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости елдің Орталық банкі төрағасының орынбасары Голямали Камьябтың ақпарат құралдарында жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап.


Иран билігі өзге елдермен есеп айырысуда АҚШ долларын қолдануды тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости елдің Орталық банкі төрағасының орынбасары Голямали Камьябтың ақпарат құралдарында жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Шетелдермен сауда алмасуларда Иран басқа валюталарды, оның ішінде қытай юанін, евроны, түрік лирасын, Ресей рублін және Оңтүстік Корея вонасын қолданады", - деді Камьяб. 

Ол Иранның ыңғайлы сауда және экономикалық транзакция үшін бірқатар елмен екіжақты валюта келісімдерін бекіту мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Оның айтуынша, мұндай келіссөздер жуырда басталады. 

Айта кетейік, бұған дейін Иран Меджлисінің вице-спикері Мохаммад Хасан Аботурабифард мұнай бағасының төмен болуы елдің экономикалық дамуына кедергі келтірмейтінін мәлімдеген еді. Ол Иранның өз істерін долларға тәуелсіз түрде жүргізе алатынын айтты. 

Кейін Иран президенті Хасан Рухани мұнай бағасының арзандауы Иран экономикасына Кувейт пен Сауд Арабиясына қарағанда аз әсер ететінін мәлімдеді. Ол мұнайға тәуелсіз бюджет әзірленгенін, оның шикізат экспорты ресми табысының үштен бірін ғана алуға бағытталғанын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети