Кәрім Көкрекбаев. Фото ©ҚазАқпарат
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаевтың тапсырмасымен аймақтағы азық-түлік тауарларының бағасын қадағалау мақсатында арнайы штаб құрылды. Бұл жөнінде облыстың баспасөз қызметі хабарлады. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев селекторлық кеңес барысында доллардың өсуіне байланысты мемлекеттік мекемелердің басшыларына азық-түлік тауарларының бағасын қадағалауды қатаң түрде тапсырды. Бүгіннен бастап аймақ басшысының тапсырмасымен облыстық штаб құрылып, өз жұмысын бастады. Аталған штаб негізгі азық-түлік тауарлары, жанар-жағармай, дәрі-дәрмектің бағасын қатаң қадағалайтын болады, сонымен қатар ақша айырбастау пункттерінде алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында арнайы жұмыс жүргізіледі. Мұндай штабтар Жамбыл облысының барлық аудандарында құрылады. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған штабтың жұмысын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековке тапсырылды. Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиевке жанар-жағарамай бағасын бақылау тапсырылса, облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуовқа дәрі-дәрімек бағаларын бақылаумен қатар валюта айырбастау пункттерімен жұмыс жасау жүктелді. Ертең облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың төрағалығымен аталған мәселе бойынша Тараз қаласы және аудан басшыларының қатысумен кеңейтілген селекторлық жиналыс өтеді. Штаб негізгі азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жасап, аймақ басшысына ақпарат беріп отыруы тиіс. Бүгін, яғни 11 ақпан күні Қазақстан Ұлттық Банкі бір доллар құны 185 теңге болатындығы туралы ақпарат таратқандығы мәлім.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаевтың тапсырмасымен аймақтағы азық-түлік тауарларының бағасын қадағалау мақсатында арнайы штаб құрылды. Бұл жөнінде облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев селекторлық кеңес барысында доллардың өсуіне байланысты мемлекеттік мекемелердің басшыларына азық-түлік тауарларының бағасын қадағалауды қатаң түрде тапсырды.
Бүгіннен бастап аймақ басшысының тапсырмасымен облыстық штаб құрылып, өз жұмысын бастады. Аталған штаб негізгі азық-түлік тауарлары, жанар-жағармай, дәрі-дәрмектің бағасын қатаң қадағалайтын болады, сонымен қатар ақша айырбастау пункттерінде алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында арнайы жұмыс жүргізіледі. Мұндай штабтар Жамбыл облысының барлық аудандарында құрылады.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған штабтың жұмысын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековке тапсырылды. Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиевке жанар-жағарамай бағасын бақылау тапсырылса, облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуовқа дәрі-дәрімек бағаларын бақылаумен қатар валюта айырбастау пункттерімен жұмыс жасау жүктелді.
Ертең облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың төрағалығымен аталған мәселе бойынша Тараз қаласы және аудан басшыларының қатысумен кеңейтілген селекторлық жиналыс өтеді. Штаб негізгі азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жасап, аймақ басшысына ақпарат беріп отыруы тиіс.
Бүгін, яғни 11 ақпан күні Қазақстан Ұлттық Банкі бір доллар құны 185 теңге болатындығы туралы ақпарат таратқандығы мәлім.