Жазға қарай Қазақстандағы инфляция 7 пайызға жетуі мүмкін

28 Наурыз 2014, 20:39
0
Жазға қарай Қазақстандағы инфляция 7 пайызға жетуі мүмкін - tengrinews.kz
tengrinews.kz

 Жазға қарай Қазақстандағы инфляция 7 пайызды құрауы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Forex Club компаниясының тобы мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2013 жылғы тұтыну инфляциясы 4,8 пайызды құраған, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 6 пайыз болған еді. Елімізде былтырғы жылғы инфляцияның деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш деп танылған болатын.

Сарапшылар келтірген деректерге сүйенер болсақ, көрсеткіштің төмендеуі 2013 жылы жыл бойы, тіпті 2014 жылдың ақпанына дейін баяу қалыпта жүрген. Осы уақытта тұтыну бағасының индексі 4,5 пайызға тең болды.

"Болашақтағы инфляция көрсеткішінің динамикасына көз жүгіртер болсақ, үстіміздегі жылдың жаз мезгілінде Қазақстандағы ресми инфляция көрсеткіші 7 пайызға дейін көтерілмек. Ал жылдың аяғына дейін тұтыну бағасының индексі 7,5-8 пайызға дейін өседі" дейді сарапшылар. Олардың айтуынша, инфляцияға әсер етуші негізгі фактор ақпандағы девальвацияның салдарынан импорт бағасының өсуі болмақ.   

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай