Жеке тұлғаларға берілетін несие 11 миллиард теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке тұлғаларға берілетін несие 11 миллиард теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,9 пайызға ұлғайып, 2022 жылғы сәуірдің соңында 19 399,5 миллиард теңге болды (жылдық өсім 28,5 пайыз). Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі бір айда 8 016,1 миллиард теңгеге азайды, ал жеке тұлғаларға 11 383,4 миллиард теңгеге дейін (1,9 пайызға) өсті.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 17 637,6 миллиард теңгеге дейін көбейді. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1 пайызға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,0 пайызға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 762,0 миллиард теңгеге дейін 5,6 пайызға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредит 5,6 пайызға, жеке тұлғаларға берілген кредит 11,9 пайызға төмендеді. 2022 жылғы сәуірдің соңында теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 90,9 пайыз (2021 жылғы желтоқсанда - 89,7 пайыз) болды.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 047,4 миллиард теңгеге дейін (0,5 пайызға), қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 352,2 миллиард теңгеге дейін (3,0 пайызға) ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы сәуірде 4 039,8 миллиард теңгеге дейін (10,9 пайызға) корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінен 50,4 пайыз) төмендеді.
2022 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,2 пайыз болса, (2021 жылғы сәуірде - 11,6 пайыз), жеке тұлғаларға 17,3 пайыз болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!