10 ақпан 2014 | 15:58

Жел энергиясы тарифі 19 теңге емес, 6-10 теңге болар еді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Академик Николай Бүктіков Фото ©Нұрғиса Елеубеков Академик Николай Бүктіков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

"Атқамінерлер шетелдіктердің орнына отандық бизнесті қолдағанда, онда күні кеше Үкімет белгілегендей жел энергиясының тарифі 1кВт/сағат үшін 19 теңге емес, 6-10 теңге болар еді". Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында отандық жел энергиясы қондырғысының авторы Николай Бүктіков мәлім етті. Логикаға салсақ, қазіргі қолданыстағы судан өндірілетін токка қарағанда жел, күн энергиясы екі есеге арзан болуы тиіс. Алайда екі күн бұрын Үкіметте 2014 жылғы тарифтер – жел электр стансаларына 1 кВт/сағ үшін 19 теңге (немесе 9,5 еуроцент шамасында), күн электр стансалары үшін - 29 теңге (шамамен 14,5 еуроцент), шағын гидростансалар үшін - 14 теңге (шамамен 7 еуроцент) және биогаз құрылғылары үшін - 27 теңге (13,5 еуроцент) деңгейінде белгіленбек екендігі мәлім болды. Сондай-ақ бұл тарифтер 15 жыл бойына өзгермейтіндігі де қадап айтылыпты. Қарап тұрсаңыз, бұл құнның қазіргі қолданыстағы ток көзі бағасынан керемет айырмасы жоқ. Сонда қалай болғаны?.. Академик Николай Бүктіков мұны біздің биліктің шетелдіктерді қолдаудағы қаракеті деп түсіндіреді. "Кез келген инвестор мен кәсіпкерге мықты бәсекелестің керегі жоқ. Сондықтан біздің нарыққа көз тіккен сырттағылар құзырлы ведомствадағыларды жылдам-жылдам реформа жасаңдар, сонда алға жылжисыңдар деп қамшылайды. Сендер ақша төлеуге дайын болсаңдар, біз дайын тауарды жеткізе қоямыз дегендей. Осындай дүрмекке шабылған біздің атқамінерлер отандық өндірісті қайтсін дейсіз? Осы себепті баламалы энергетика нарығына қазір шетелдіктер келіп жатыр. Тасымалы және тағы тағысы қосылғанда олардың құрылғысы удай қымбат болып шыға келеді. Бұл - соған сай түзілген тариф" дейді академик. – Егер жергілікті ғалымдарға жоғары қуатты жел энергиясы стансалары жобасын қаржыландырып, оны зауыттан шығаратын деңгейге жеткізіп алсақ, онда біздікілер шетелдіктер секілді Үкіметтен қолдау да сұрамас еді. Сол секілді тариф бағасы қазір белгіленіп отырған көлемнен екі есе төмен болады, – деп атап өтті Н.Бүктіков. Еске сала кетелік, екі күн бұрын Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов елімізде жаңартылатын энергия көздерін қолдау жүйесін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізіп, әр баламалы энергияның 2014 жылға белгіленген нақты тарифтерін жария еткен болатын. Елімізде Майлыбаев, Баялиев, Бүктіков секілді ғалымдар батыстың жел энергетикасы қондырғысына бәсекелесе алатын, сапасы жағынан екі есе мықтысын, құны да екі есе арзанын жасап шыққан. Алайда олар еліміздегі жел энергетикасы бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаға енбеген.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети