Желіде доллар сатылатыны туралы хабарландырулар пайда бола бастады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде доллар сатылатыны туралы хабарландырулар пайда бола бастады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Желіде доллар сатылатыны туралы хабарландырулар пайда бола бастады. Тіпті кейбір хабарландыруда валюта құны бір доллар үшін 750 теңгеден келеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде доллар сатылатыны туралы хабарландырулар пайда бола бастады. Тіпті кейбір хабарландыруда валюта құны бір доллар үшін 750 теңгеден келеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Доллар сатылатыны туралы жарнамалар жеке жарнама жасайтын танымал веб-сайтта және мобильді қосымшада пайда болды. Барлық дерлік жарнама бойынша валюта ресми айырбастау пункттеріндегіден әлдеқайда жоғары бағада сатылып жатыр.

Кейбір хабарландыруларда тіпті 700 теңгеге дейін жетеді.

Мұндай ұсыныстар сұранысқа ие ме, жоқ па әлі белгісіз. Бірақ сарапшылар валютаны қолма-қол сатып алуға кеңес бермейді.

"Қолма-қол түрде шетел валютасын уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдар (банктік емес айырбастау операциялары) арқылы айырбастауға болады. Заңды валюта айырбастау пункттері арқылы қолма-қол түрде валюта айырбастау тұтынушылардың құқықтарын қорғайды", - деп ескертті Ұлттық банк өкілі.

kurs.kz деректері бойынша, қазір айырбастау пункттерінде доллар 512-514 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, 507-510 теңгеден сатып алып жатыр.

   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети