Қай заман болсын балиғат жасына жеткен әрбір азматтың басындағы нөмірі бірінші мәселе жұмысының болуы. Білімі мен дипломы болса да, жұмыссыз жүрген жандар байтал түгі бас қайғы болып жүргені рас. Күнкөрістің қамы үшін ауыр-ауыр жүк түсіріп, базар ішінде арба сүйрегендер де жетіп артылады. Ал оның астарына, яғни неліктен осындай жағдайға жеткенімізді ойланып көрдік пе? Жұмыссыздықтың жігерлі жастың өзін жүндей түтіп жылататыны, суицидтің де көбеюіне ықпал ететінін қатал тағдырдың өзі көрсетіп бермеді ме? Тұтас қазақ елінің басындағы өткір жайды қалам ұшымен қозғап, сірескен тоңын жібітпек едік...

Сөздің әлқиссасын мектеп қабырғасындағы өзекті жайлардан бастасақ. Он бір жыл білім алған жастарымыздың орасан зор жұмыссыздар армиясының қатарын жыл санап көбейте беруіне не себеп? Жастардың көбі неге жұмыссыз? Екі қолға бір күрек таппағандар санын қалай азайтуға болады? Үкімет пен Парламенттің өзін тығырыққа тіреген іргелі бұл мәселелердің түйіні де төменнен басталатын сияқты.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...