Жыл басынан бері елімізде қандай азық-түлік тауарлары қымбаттады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда жыл басынан бері кейбір азық-түліктер қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономикалық министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жыл басынан бері кейбір азық-түліктер қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономикалық министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, азық-түлік тауарлары бір жылда 4,7 пайызға қымбаттаған.

Қаңтардан бері құмшекердің 20,9 пайызға қымбаттағаны айтылады. Сондай-ақ, мәйекті ірімшіктің 10,6 пайызға, консервіленген сүттің 9,4 пайызға, жылқы етінің 8,5 пайызға, сары майдың 7,4 пайызға қышқыл сүт өнімдерінің 6,2 пайызға, шошқа етінің, шұжық өнімдерінің 5,8 пайызға, сиыр етінің 5,3 пайызға, қой етінің 5,1 пайызға қымбаттағаны айтылады.

Бұдан бөлек, министрліктегілердің мәліметінше, автомобильдер мен құрылыс материалдарының бағасы 6,3 пайызға қымбаттап кеткен.

"Киім және аяқ киім 6,1 пайызға, фармацевтикалық өнімдер 6 пайызға,, тұрмыстық аспаптар 5,9 пайызға, тоқыма бұйымдары 5,8 пайызға, кеңсе тауарлары 5,7 пайызға, жеке қолданатын тауарлар 5,2 пайызға, жуғыш және тазалағыш құралдар 4,4 пайызға, жиһаз және үйге қажетті заттар 4,1 пайызға қымбаттады", - делінген баспасөз қызметіндегілердің хабарламасында.

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің, медициналық қызметтерінің бағасы да 5,5 пайызға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтер 4,3 пайызға, санаторийлер қызметтері 3,8 пайызға, жоғары білім 3,6 пайызға, ұялы байланыс қызметтері, интернет желісіне шығу үшін абоненттік төлемі 3,1 пайызға дейін қымбаттаған.

Ал жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысының 13,7 пайызға, темір жол көлігімен 8,1 пайызға, қалааралық автобустарда жүру ақысының 6,3 пайызға, ішкі қалалық автобуспен жүрудің 3,1 пайызға қымбаттағаны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro