05 қараша 2015 15:59

Қаңтардан бастап нан 10 теңгеге қымбаттайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© novosti-rossii.ru © novosti-rossii.ru

Келесі жылдың қаңтар айынан бастап нан 10 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Келесі жылдың қаңтар айынан бастап нан 10 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін әлеуметтік нан бағасының шарықтап кетпеуі үшін Үкімет кәсіпкерлердің ұн алуына субсидия бөліп отырған еді. Мамытбековтың айтуынша, еліміздің кейбір аймақтарында ас атасының құны тіпті 13 теңгеге дейін артуы мүмкін. Статистика комитетінің мәліметінше, бір жылда азық-түлік бағасы 8 пайызға өскен. Оның ішінде жарма құны 3 есеге аспандап кеткен.

Еске салайық, қыркүйек айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысында шаруалармен кездесуі барысында "номері бірінші" азықтың бағасын қалыпты деп есептемейтінін айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети