Қарашығанақта табыстың 80%-ын Қазақстан алатын болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қарашығанақ мұнай-газ кен орны жобасында кірісті бөлудің жаңа жүйесі жұмыс істей бастайды, соған сәйкес, Қазақстан жоба кірістерінің 80%-ына ие болады. Бұл туралы бүгін ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Оралда жер қойнауын пайдаланушылармен кездесуі кезінде айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап. "Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын жасауға енгізілген инвестициялар толығымен ақталды. Таяу жылда жобадан түскен кірісті бөлудің жаңа жүйесіне көшу күтілуде, соған сәйкес кірістің 80% қазақстандық тарапқа бағытталмақ", - деді Ұзақбай Қарабалин. Оның айтуынша, қазақстандық үлесті арттыру бойынша шаралар кешенін қолдану қарастырылған. «Бұл - қазіргі таңдағы ең түйткілді мәселе. Жергілікті өндірушілердің тек санаулылары ғана Қарашығанақ жобасына қатысады. Оған тендерлерде ашықтықтың болмауы себеп. Инвестор тым қатал талап қояды», - деп атап өтті Қарабалин. Министр Үкімет бұл мәселені шешу бойынша шаралар қолданып жатқанын айтты. Осылайша, жаңа тендерлік саясат қалыптасуда. Отандық өндірушілердің мүмкіндіктері жобалау кезеңінде ескеріледі. Ал келісімшарттарда қызмет көрсету мен тауар өндірудің пайызы нақты келісіледі. «Мердігерлерді қазақстандық құрал-жабдықтарды, материалдарды және басқаларын қазақстандық болғандықтан алуға күштей алмаймыз. Ол Қарашығанақ сияқты үлкен қысымды күкіртті сутекті кен орындарында мердігер өз мойнына алған сапаға және талаптарға сәйкес болуы керек», - деді министр. Айта кетейік, бұған дейін Мұнай және газ министрлігінің Қарашығанақ жобасын кеңейтуді көздеп отырғаны хабарланған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.07  course up  617.81  course up  6.81  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer