1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

KASE кешкі сессиясы бойынша доллар бағамы 241,61 теңгеге тең

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

28 тамыздағы KASE кешкі сессиясы бойынша доллар бағамы 241,61 теңгеге тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саудаға валюта нарығының 20 мүшесі қатысты. Сауда көлемі - 21,3 миллион доллар. Ең төменгі келісім - 233 теңге.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.