10 қыркүйек 2015 | 17:31

KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 255,38 теңгеге дейін өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

10 қыркүйек күнгі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 255,38 теңгеге дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

10 қыркүйек күнгі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 255,38 теңгеге дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап.

Айта кетейік, KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 253 теңге болған еді. Күндізгі сессияда тағы 1 теңгеге өсті. Келісімнің жалпы көлемі 15,9 миллион доллар болды. Саудаға валюта нарығының 14 мүшесі қатысты.

Қыркүйектің алғашқы күніндегі таңғы сессияда доллар 238,68 теңгеге тең болды. Ал кешкі сессияда ол шетел валютасы 239-242 теңге аралығындағы дәлізінен асып түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети